Қоғам

Қазақстандық музыкант Таиландта жол апатынан қаза болды – СІМ

Darkhan Juzz
Darkhan Juzz - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Darkhan Juzz лақап атымен танымал музыкант Дархан Жүнісбеков Таиландта жол апатынан қаза болған. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
СІМ қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндады.

"Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қаза болды. Біздің азамат жол апатынан көз жұмды, ол жалдамалы мопедпен жүрген", - делінген хабарламада.

Қазір қазақстандық консул марқұмның туыстарымен байланыста. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің дүниеден өткені хабарланған болатын. Музыкант 31 жаста болған.
Жаңалықтар
0