Павлодарда трамвай рельстен шығып кетті

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Павлодарда трамвай рельстен шығып кетіп, бағдаршамды зақымдады.
Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны бөлісті. Бұл жағдай 25 ақпан күні таңертең болған. Кадрдан көрініп тұрғандай, көлік рельстен шығып, бағдаршамды зақымдаған.
Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір оқиға орнында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
"Сағат 12.20-да Олжабай батыр – Торайғыров көшелерінің қиылысында 95-ші вагон рельстен шығып кетті. Тұралау уақыты 10 минутты құрады. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екені айтылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталған факті бойынша ешкім шағымданбаған.
Өңірлер
Павлодарда ерекше трамвай жолға шықты