Өңірлер

Павлодарда ерекше трамвай жолға шықты

© Photo : ҚР ТЖМ баспасөз қызметіПавлодарда ерекше трамвай жолға шықты
Павлодарда ерекше трамвай жолға шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында қауіпсіздік шараларын түсіндіруге арналған трамвай жолға шықты.
Осы бастаманың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібін халыққа жан-жақты жеткізу, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қауіпсіздік трамвайын Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті мен "Трамвай жолдары басқармасы" АҚ бірлесіп ​​іске қосты.
"Бұл бағыт қала тұрғындарын әртүрлі бағыттар бойынша тасымалдай отырып, халықтың басым бөлігін қамтиды. Трамвай жолаушыларын әртүрлі төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету бойынша хабардар етеді", - дейді құтқарушылар.
Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтарға төтенше жағдайлар кезіндегі алгоритм көрсетілген буклеттер мен жадынамалар таратылады.
Жаңалықтар
0