Тәжікстанның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Тәжікстанның 6 азаматын жалған құжатпен ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Шетел азаматтары Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы "Шарбақты" өткізу пунктінде тоқтатылған.
Төлқұжаттық бақылауды іске асыру барысында аталған азаматтардан Қазақстан аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттары анықталды.
Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.
Өңірлер
Пәкістанның 9 азаматы Қазақстанға заңсыз кірмек болған