Өңірлер

Пәкістанның 9 азаматы Қазақстанға заңсыз кірмек болған

© Photo : ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қазақстандық шекарашылар Пәкістанның тоғыз азаматын ұстады
Қазақстандық шекарашылар Пәкістанның тоғыз азаматын ұстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2023
Жазылу
Шетелдіктер қазақ-қырғыз шекарасында ұсталды
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының шекарашылары елге заңсыз кірмек болған 9 пәкістандықты ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Оқиға биыл 15 ақпанда болған.
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпекші болған 9 шетелдікті ұстады.
Анықталғандай, барлығы Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары.
Құзырлы орган оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.
Жаңалықтар
0