АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының шекарашылары елге заңсыз кірмек болған 9 пәкістандықты ұстады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Оқиға биыл 15 ақпанда болған.
ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпекші болған 9 шетелдікті ұстады.
Анықталғандай, барлығы Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары.
Құзырлы орган оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.