Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшесін қабылдады

Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" директоры Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Ұлттық құрылтай мүшесі президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Президент Тоқтар Әубәкіровті қабылдады