Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшесін қабылдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАкорда. Виды зимой
Акорда. Виды зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" директоры Талғат Қалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Ұлттық құрылтай мүшесі президентке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық бірегейлікті дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар саясаттанушы зерттеу орталықтарының қоғамдағы рөлі, соның ішінде "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының" атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Касым-Жомарт Токаев пен Тоқтар Әубәкіров - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Президент Тоқтар Әубәкіровті қабылдады
Жаңалықтар
0