АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласында ерлі-зайыпты интернет алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерлі-зайыпты былтыр қазан айынан бастап Қазақстан аумағында жиһаз және алтын бұйымдар сатылатыны туралы жалған хабарландырулар таратып, интернет алаяқтық жасаған. Оларды ақтөбелік полицейлер ұстады.
"Ерлі-зайыпты кінәсін мойындады. Олардан банк карталары тәркіленді, оған жәбірленушілердің ақшасы аударылған, сондай-ақ ұялы телефон және SIM карталар табылды", - деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.