Қарағандыда алаяқтық жасаған туристік фирма директоры сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қарағандыда тұрғындарға жалған жолдама сатқан туристік фирма директоры үш жылға сотталды. 28 жастағы Ольга Пожематкина шетелге демалуға бармақ болғандардың 11 миллион теңгесін жинап алып, өз қажетіне жаратқан, деп хабарлады КТК.
"Пожематкина Ольга Анатольевна ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағының 1 және 3-пунктіне сәйкес кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Жазасын орташа қауіпсіз режимдегі мекемеде өтейді. Осыған дейін үйқамақта болған ол сот залында ұсталып қамауға алынсын", - деді судья Айгүл Мырзабекова.
Тергеу кезінде үйқамақта болған Ольга Пожематкинаға бұл үкім төбеден жай түсіргендей болды. Өйткені ол іс қозғалысымен күйеуімен ажырасып, жалғызбасты ана статусын алған. Емшектегі баласы да бар. Тіпті елге қарыз болып қалғанын айтып полицияға өз аяғымен барған. Сондықтан іс азаматтық сотқа ауысып, ары кетсе шартты жаза болады деп үміттенген. Алайда сот тергеуі оның алаяқтықты қасақана жасағанын дәлелдеді.
Сондықтан өзін қамауға алып, баласының тағдырын қамқоршы органдары шешсін деген қаулы шығарды. Елден алғанын тиынына дейін қайтару міндеттелді. Дегенмен зардап шеккендер қаражатына жылдам қол жеткізетініне сенбейді.
"2 миллион 580 мың теңге шығын келді. Үш балам, жолдасым бар, бес адам Түркияға барамыз деп үміттендік. Фирманың құжаттарын тексермей қателік жасадық деп ойлаймын. Ол фирмаға апамның айтуымен бардық, одан кейін ақшамызды толық төледік", - дейді жәбірленуші Айсұлу Бекжігітова.
Жаңалықтар
0