АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол америкалық тараптан растауды күтіп отырғанын атап өтті.
"Біз америкалық тараптан ресми растау күтіп отырмыз. Хабар келсе, бірден жариялаймыз", - деді Тілеуберді үкімет кулуарында.
Бұған БАҚ-та С5+1 форматындағы жылсайынғы министрлік кездесуі Астанада өтетіні туралы ақпарат тарады. Жиынға қатысу үшін Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ұшып келеді деп жоспарланып отыр.