Саясат

Министр АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға қашан келетінін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан мен АҚШ тулары
Қазақстан мен АҚШ тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
Энтони Блинкен Астанада С5+1 форматында өтетін министрлік кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол америкалық тараптан растауды күтіп отырғанын атап өтті.
"Біз америкалық тараптан ресми растау күтіп отырмыз. Хабар келсе, бірден жариялаймыз", - деді Тілеуберді үкімет кулуарында.
Бұған БАҚ-та С5+1 форматындағы жылсайынғы министрлік кездесуі Астанада өтетіні туралы ақпарат тарады. Жиынға қатысу үшін Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ұшып келеді деп жоспарланып отыр.
Джо Байден - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2023
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
АҚШ президенті Джо Байден Киевке барды
Жаңалықтар
0