АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов көктемгі егіс науқаны кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отынымен қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"2023 жылы көктемгі егіс жұмыстарына барлығы 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Құны тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге", - деді министр үкімет отырысында.
Айтуынша, мұнай өңдеу зауытынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды. МӨЗ дизель отынын тиеп-жөнелтуді бастауға дайын. Алайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің операторлары шарттарға, өтінімдерге, төлемдерге қол қоюды аяқтап, мұнай өңдеу зауытына вагон-цистерналар қойылуға тиіс, деді ол.
Сондай-ақ, министр дизель отынының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін ақпан-мамыр айларында 2023 жылға арналған көктемгі егіс жұмыстарының кестесі бекітілгенін атап өтті.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алынды. Жалпы ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған жоспар толық көлемде орындалып жатыр. Мәселе энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз-дың тұрақты бақылауында, деді Ақшолақов.