Ақтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты

Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты.
Самара – Шымкент тасжолының 938-ші шақырымында Mitsubishi Montero Sport көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Mitsubishi көлігін 29 жастағы әйел жүргізген – ол Әйтеке би ауданындағы орталық облыстық ауруханаға жатқызылды. 31 жастағы отағасы мен 2017, 2015 және 2020 жылы туған кәмелетке толмаған үш бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Ақтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.