Ақтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты

© Photo : Polisia.kzАқтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты
Ақтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты.
Самара – Шымкент тасжолының 938-ші шақырымында Mitsubishi Montero Sport көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Mitsubishi көлігін 29 жастағы әйел жүргізген – ол Әйтеке би ауданындағы орталық облыстық ауруханаға жатқызылды. 31 жастағы отағасы мен 2017, 2015 және 2020 жылы туған кәмелетке толмаған үш бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
© Photo : Polisia.kzАқтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты
Ақтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Ақтөбе облысында үш бала мен олардың әкесі жол апатынан қаза тапты
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0