АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.
Біліктілік қорытындысы бойынша спортшы 84,10 балл жинап, сегізінші орынға ие болды.
Ал Аяна Жолдас 18-ші нәтижені көрсетіп, шешуші раундқа өте алмады.