Қазақстанда 250 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Балабақшалардағы орын тапшылығын 2028 жылға қарай толығымен шешу жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Бүгінде республика бойынша бірден алты жасқа дейінгі 250 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегін күтіп жүр. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, төрт жыл ішінде балабақша кезегі 2 есе қысқарған. 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ті, ал 3-6 жастағыларды қамту көрсеткіші 98,3%-ті құраған.
"Десе де балабақшаларға кезек әлі де бар. 2022 жылдың соңында республика бойынша 1-6 жастағы 250 мыңнан астам бала кезекте тұр", - деді Жұмаділдаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, алдағы үш жылда 222 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарланып отыр. Бұл 2028 жылға қарай 2-6 жастағы барлық бүлдіршінді мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуға мүмкіндік бермек.
Бүлдіршіндерді балабақшамен қамтуды арттыру және жеке инвесторларды тарту үшін жекеменшік балабақшалардың 93,4 процентінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.
Балабақша тәрбиешілері қанша жалақы алады