АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер биылғы жылдың соңына дейін Беларусьте бірнеше ірі коалициялық жаттығу өткізеді.
Бұл туралы дүйсенбі күні ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде айтты.
Тасмағамбетовтың айтуынша, қыркүйекте Беларусьте "Өзара іс-қимыл-2023" Ұжымдық жедел әрекет ету күштері оқу-жаттығу, қыркүйекте "Поиск-2023" және "Эшелон-2023" барлау күштері мен құралдары арнайы оқу-жаттығу өткізеді.
Сондай-ақ ол Қырғызстан аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуын өткізу ұсынылып отырғанын атап өтті.
Кездесу барысында ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамыту мен оның қуат әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері де талқыланды.
Ал Шойгу Тасмағамбетовты ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.