https://sputnik.kz/20230220/uqshu-bas-khatshysy-tasmagambetov-resey-qorganys-ministri-shoygumen-kezdesti-32289949.html
ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Шойгумен кездесті
ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Шойгумен кездесті
Sputnik Қазақстан
Тасмағамбетов Шойгуды жақында Минскіге жасаған сапарының қорытындысы туралы хабардар етті 20.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-20T21:19+0500
2023-02-20T21:19+0500
2023-02-20T21:26+0500
ұқшұ
https://sputnik.kz/img/07e7/02/14/32289589_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_9c3b31a077505fdf70e24f3c51234abf.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер биылғы жылдың соңына дейін Беларусьте бірнеше ірі коалициялық жаттығу өткізеді.Бұл туралы дүйсенбі күні ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде айтты.Тасмағамбетовтың айтуынша, қыркүйекте Беларусьте "Өзара іс-қимыл-2023" Ұжымдық жедел әрекет ету күштері оқу-жаттығу, қыркүйекте "Поиск-2023" және "Эшелон-2023" барлау күштері мен құралдары арнайы оқу-жаттығу өткізеді.Сондай-ақ ол Қырғызстан аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуын өткізу ұсынылып отырғанын атап өтті.Кездесу барысында ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамыту мен оның қуат әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері де талқыланды.Ал Шойгу Тасмағамбетовты ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/14/32289589_86:0:1223:853_1920x0_80_0_0_eefed51f5027ce1a9f51e31d42263a75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ
ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Шойгумен кездесті
21:19 20.02.2023 (жаңартылды: 21:26 20.02.2023) Тасмағамбетов Шойгуды жақында Минскіге жасаған сапарының қорытындысы туралы хабардар етті
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер биылғы жылдың соңына дейін Беларусьте бірнеше ірі коалициялық жаттығу өткізеді.
Бұл туралы дүйсенбі күні ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде айтты.
Тасмағамбетовтың айтуынша, қыркүйекте Беларусьте "Өзара іс-қимыл-2023" Ұжымдық жедел әрекет ету күштері оқу-жаттығу, қыркүйекте "Поиск-2023" және "Эшелон-2023" барлау күштері мен құралдары арнайы оқу-жаттығу өткізеді.
Сондай-ақ ол Қырғызстан аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2023" оқу-жаттығуын өткізу ұсынылып отырғанын атап өтті.
Кездесу барысында ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамыту мен оның қуат әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері де талқыланды.
Ал Шойгу Тасмағамбетовты ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.