Зілзаладан аман қалған Сабинаның жағдайы туралы ақпарат жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тірі табылған қазақ қызының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
8 ақпанда Түркиядағы Хатай провинциясының Антакья қаласында іздеу жұмыстары кезінде Сабина Мамадиярова тірі табылған болатын. Оны шұғыл Аданадағы Джейхан ауруханасына жеткізді.
"Оның қолына операция жасалды. Біздің Анталиядағы бас консулымыз барып дәрігерімен кездесті. Қазіргі таңда ол әлі дәрігерлердің бақылауында, жанында туыстары бар", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Қоғам
Түркияда қаза болған қазақстандықтардың денесі Алматыға жеткізілді