Спорт

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен бастады

Жекелей сында Рыбакина Андреескумен ойнайды
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады.
Жексенбі, 19 ақпанда спортшы жұптық разрядтың 1/16 финалында өнер көрсетті. Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен дуэтте Кирстен Флипкенс (Бельгия) пен Лаура Зигемундты (Германия) екі сетте айқын басымдылықпен жеңді. Есеп – 6:2, 6:4.
Жекелей сында тоғызыншы нөмірлі қазақстандық әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы канадалық Бьянка Андресскумен ойнайды.
Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалында ұтылды