АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Астанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алып, атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды.

Түркияда зілзала салдарынан мерт болғандар саны 40 мыңнан асты.