Астанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды - видео

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАстанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды
Астанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Астанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алып, атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды.
Түркияда зілзала салдарынан мерт болғандар саны 40 мыңнан асты.
Түркия, Антакия - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2023
Түркияда құтқарушылар үйінді астынан табылған 2 млн долларды полицейлерге тапсырды
Жаңалықтар
0