АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында 13 күн үйінді астында жатқан үш адам құтқарылды, деп хабарлады Анадолу агенттігі.
Олар Антакья қаласында Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шукрю Канатлы кварталындағы үйлердің бірінен табылды.
Құтқарылғандардың аты-жөні әлі анықталмаған. Олар 296 сағат үйінді астында болған. Қазір олар ауруханада жатыр.
Бұған дейін үйінді астында 278 сағат жатқан адамның құтқарылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол – 45 жастағы Хакан Ясиноглу.
Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 39,6 мыңнан асты.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жергілікті уақыт бойынша 04.17-де болған жер дүмпуінің магнитудасы - 7,7 балл, ал сағат 13.24-те болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 болды.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 39,6 мыңнан асты.
Көршілес елдерде де, соның ішінде Сирияда, Ливанда және Иракта жойқын жер сілкінісі болды.