https://sputnik.kz/20230218/turkiyada-13-kun-uyindi-astynda-bolgan-ush-adam-qutqaryldy-32243547.html
Түркияда 13 күн үйінді астында болған үш адам құтқарылды
Түркияда 13 күн үйінді астында болған үш адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында 13 күн үйінді астында жатқан үш адам құтқарылды, деп хабарлады Анадолу агенттігі. 18.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-18T19:50+0500
2023-02-18T19:50+0500
2023-02-18T19:50+0500
түркия
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31982888_0:0:2733:1538_1920x0_80_0_0_e6c7eea095d05e1c49f89ef26ee57ba2.jpg
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында 13 күн үйінді астында жатқан үш адам құтқарылды, деп хабарлады Анадолу агенттігі.Олар Антакья қаласында Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шукрю Канатлы кварталындағы үйлердің бірінен табылды.Құтқарылғандардың аты-жөні әлі анықталмаған. Олар 296 сағат үйінді астында болған. Қазір олар ауруханада жатыр.Бұған дейін үйінді астында 278 сағат жатқан адамның құтқарылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол – 45 жастағы Хакан Ясиноглу.Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 39,6 мыңнан асты.6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жергілікті уақыт бойынша 04.17-де болған жер дүмпуінің магнитудасы - 7,7 балл, ал сағат 13.24-те болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 болды.Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 39,6 мыңнан асты.Көршілес елдерде де, соның ішінде Сирияда, Ливанда және Иракта жойқын жер сілкінісі болды.
https://sputnik.kz/20230218/turkiyada-qutqarushylar-uyindi-astynan-2-mln-tapty-32240350.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0a/31982888_2:0:2733:2048_1920x0_80_0_0_001c9adc4806b679e67c93fbf08ccd03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, жер сілкінісі
Түркияда 13 күн үйінді астында болған үш адам құтқарылды
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында 13 күн үйінді астында жатқан үш адам құтқарылды, деп хабарлады
Анадолу агенттігі.
Олар Антакья қаласында Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шукрю Канатлы кварталындағы үйлердің бірінен табылды.
Құтқарылғандардың аты-жөні әлі анықталмаған. Олар 296 сағат үйінді астында болған. Қазір олар ауруханада жатыр.
Бұған дейін үйінді астында 278 сағат жатқан адамның құтқарылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол – 45 жастағы Хакан Ясиноглу.
Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 39,6 мыңнан асты.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жергілікті уақыт бойынша 04.17-де болған жер дүмпуінің магнитудасы - 7,7 балл, ал сағат 13.24-те болған жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 болды.
Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 39,6 мыңнан асты.
Көршілес елдерде де, соның ішінде Сирияда, Ливанда және Иракта жойқын жер сілкінісі болды.