Бішкек - Ош тасжолында қар көшкіні жүрді

Қар көшкініне байланысты барлық көлік түрлері үшін көлік қозғалысы уақытша шектелді
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. Жалал-Абад облысында Бішкек - Ош тасжолында үш рет қар көшкіні жүрді, деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның алдын ала мәліметі бойынша, көшкін бүгін сағат 9:30-да Бішкек - Ош тасжолының 223-ші шақырымында болған. Қардың көлемі мен массасы анықталып жатыр , деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қар көшкіні жолдың 231-ші шақырымында да түсті. ТЖМ бұл учаскені тазарту аяқтаған соң техника 223-ші шақырымда тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Қырғызстанның көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев әлеуметтік желілерде қар көшкіні трассаның 243-ші шақырымында болғанын хабарлады.
Көшкін болған жерде көлік министрлігінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қар көшкініне байланысты барлық көлік түшін қозғалыс уақытша шектелген. "Сосновка" (Шу облысы) және "Арал" (Жалал-Абад облысы) бекеттерінде жол жабық.