Тасмағамбетов пен Лавров кездесті

Sputnik
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Бейсенбі күні Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атқарушы құрылымдарының басшыларымен кездесті.
Бірлестіктерде өзара тиімді интеграцияны одан әрі ілгерілету мақсатында тығыз байланыс орнату перспективаларын қарастырылды. Шараға қатысушылар халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.
Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер
Сергей Лавров пен ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің жеке кездесуінде ұйым қызметінің өзекті аспектілері, оның ішінде Беларусьтің төрағалығымен 2023 жылы өтетін осы құрылымның жарғылық органдарының отырыстарына дайындық барысы қаралды.
Министр ресейлік тараптың Иманғали Тасмағамбетовке ҰҚШҰ бас хатшысы ретіндегі қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Тасмағамбетов пен Лукашенко ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылады