https://sputnik.kz/20230213/imangali-tasmagambetov-pen-aleksandr-lukashenko-uqshu-buu-32041027.html
Тасмағамбетов пен Лукашенко ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Тасмағамбетов пен Лукашенко ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Минскіде президент Александр Лукашенкомен кездесуінде ҰҚШҰ... 13.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-13T15:26+0500
2023-02-13T15:26+0500
2023-02-13T15:30+0500
иманғали тасмағамбетов
александр лукашенко
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32038906_0:0:1240:698_1920x0_80_0_0_4042a30dd7915504f068a0afa48107ea.jpg
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Минскіде президент Александр Лукашенкомен кездесуінде ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларына қосу жайын талқылағанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости."Біздің мақсатымыз – ұйымның мүмкіндіктері мен оның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігерінің сыртқы саяси маңызды тұстарын ұсыну. БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында ҰҚШҰ-ның әлеуеті жоғары бағаланды", - деді Иманғали Тасмағамбетов.ҰҚШҰ бас хатшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Александр Лукашенконы хатшылықта (ҰҚШҰ) ұйымның ұжымдық бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларына қосу бойынша жасалып жатқан шаралар туралы хабардар еткенін атап өтті.Тасмағамбетовтің айтуынша, ұйым алдында тұрған міндеттер сан алуан.Ұйымның бас хатшысы ұйымның ірі өңірлік және халықаралық ұйымдармен – БҰҰ-ның басты серіктесімен, сондай-ақ ШЫҰ, ТМД, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын жалғастыратынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32038906_155:0:1086:698_1920x0_80_0_0_d34e0248e6d2cc6b1354dedda7f4acda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иманғали тасмағамбетов, александр лукашенко
иманғали тасмағамбетов, александр лукашенко
Тасмағамбетов пен Лукашенко ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылады
15:26 13.02.2023 (жаңартылды: 15:30 13.02.2023) АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Минскіде президент Александр Лукашенкомен кездесуінде ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларына қосу жайын талқылағанын айтты, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Біздің мақсатымыз – ұйымның мүмкіндіктері мен оның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігерінің сыртқы саяси маңызды тұстарын ұсыну. БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында ҰҚШҰ-ның әлеуеті жоғары бағаланды", - деді Иманғали Тасмағамбетов.
ҰҚШҰ бас хатшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Александр Лукашенконы хатшылықта (ҰҚШҰ) ұйымның ұжымдық бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларына қосу бойынша жасалып жатқан шаралар туралы хабардар еткенін атап өтті.
Тасмағамбетовтің айтуынша, ұйым алдында тұрған міндеттер сан алуан.
Ұйымның бас хатшысы ұйымның ірі өңірлік және халықаралық ұйымдармен – БҰҰ-ның басты серіктесімен, сондай-ақ ШЫҰ, ТМД, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын жалғастыратынын мәлімдеді.