АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. ЕАЭО сыртқы шекарасының өткізу бекеттерін техникалық жаңғырту жұмыстарына байланысты 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Атамекен", "Қазығұрт" өткізу пункттері арқылы жүк көліктері ғана өткізіледі.
Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен
9 автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
9 автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және толыққанды бақылау мақсатында жеке тұлғалардың, жеңіл көліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейін жүк көліктерінің өтуіне уақытша тыйым салынды.
Олардың барлығы төмендегі өткізу пункттеріне жолданады:
"Б. Қонысбаев" (ҚР) – "Яллама" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүк көтеретін автокөлік құралдары);
"Жібек жолы" (ҚР) – "Гишт куприк" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөліктер, автобустар);
"Сырдария" (ҚР) – "Малик" (ӨР) және "Целинный" (ҚР) – "Ок олтин" (ӨР) өткізу пункттері арқылы (жеңіл автокөлік құралдары, жеке тұлғалар).
Жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың 4 тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.