АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны өзі тұратын көпқабатты үйдің шатырында есірткі зертханасын ашып алды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
39 жастағы ер адам арнайы жылыжай жасап, ішінде қарасора өсірген. Жасырын зертханасының қабырғаларын фольга және пластикалық материалмен қаптаған. Жылу, жарық пен желдету жүйесі де бар.
Тінту кезінде құмыралар, қарасора мен тыңайтқышқа ұқсас өсіп келе жатқан өсімдіктер тәркіленді.
Күдіктің айтуынша, барлық құрал-жабдық, тұқым мен марихуана өсіруге арналған бейне нұсқаулыққа әлеуметтік желі арқылы тапсырыс берген.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 300-бабы, 1-бөлігі ("Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 2 000 АЕК-ке (6 900 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту қарастырылған. Екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына да тартылуы мүмкін.