Мәдениет

Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады

Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оравлов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесті.
"Кездесуде екі мемлекет арасындағы мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық пен алдағы жобаларды талқыладық. Күн тәртібіндегі ең маңыздылардың бірі, әрине, 2024 жылы Олимпиада тақырыбы болды", - деп жазды министр.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оравлов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісімен кездесті
Қараша айында екі мемлекет басшыларының кездесуінде 2025-2026 жылдары Францияда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу туралы шешім қабылданды.
"Біз Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу мүмкіндігін талқыладық. Бұл мәдениет қайраткерлері үшін құнды тәжірибе болады деп санаймын", - деді министр.
Елшінің айтуынша, француз киноиндустриясы Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Мысалы, Францияның киномектептері біздің студенттер оқи алатын және олармен тәжірибе алатын бағдарлама әзірлеуге дайын. Ал француз кинопрокатшылары біздің кинотеатрлармен тікелей ынтымақтастық орнатуға ниет білдіреді.
Француз кинопрокатшылары біздің кинотеатрлармен тікелей ынтымақтастық орнатуға ниет білдіреді