https://sputnik.kz/20230216/qazaqstan-men-frantsiya-luvrda-qazaq-onerinin-kormesin-otkizu-mumkindigi-32173760.html
Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады
Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оравлов... 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T08:37+0500
2023-02-16T08:37+0500
2023-02-16T08:45+0500
мәдениет
қазақстан
франция
https://sputnik.kz/img/old/163/82/1638283_0:0:640:361_1920x0_80_0_0_c6c45bc46e079eb4d6c01276bf1265d9.jpg
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оравлов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесті. "Кездесуде екі мемлекет арасындағы мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық пен алдағы жобаларды талқыладық. Күн тәртібіндегі ең маңыздылардың бірі, әрине, 2024 жылы Олимпиада тақырыбы болды", - деп жазды министр.Қараша айында екі мемлекет басшыларының кездесуінде 2025-2026 жылдары Францияда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу туралы шешім қабылданды."Біз Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу мүмкіндігін талқыладық. Бұл мәдениет қайраткерлері үшін құнды тәжірибе болады деп санаймын", - деді министр.Елшінің айтуынша, француз киноиндустриясы Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Мысалы, Францияның киномектептері біздің студенттер оқи алатын және олармен тәжірибе алатын бағдарлама әзірлеуге дайын. Ал француз кинопрокатшылары біздің кинотеатрлармен тікелей ынтымақтастық орнатуға ниет білдіреді.
қазақстан
франция
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/163/82/1638283_40:0:608:426_1920x0_80_0_0_8dc5e1f26768ddd657f693a9566592b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, франция
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Қазақстан мен Франция Луврда қазақ өнерінің көрмесін өткізу мүмкіндігін талқылады. Мәдениет және спорт министрі Асхат Оравлов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесті.
"Кездесуде екі мемлекет арасындағы мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастық пен алдағы жобаларды талқыладық. Күн тәртібіндегі ең маңыздылардың бірі, әрине, 2024 жылы Олимпиада тақырыбы болды", - деп жазды министр.
Қараша айында екі мемлекет басшыларының кездесуінде 2025-2026 жылдары Францияда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу туралы шешім қабылданды.
"Біз Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу мүмкіндігін талқыладық. Бұл мәдениет қайраткерлері үшін құнды тәжірибе болады деп санаймын", - деді министр.
Елшінің айтуынша, француз киноиндустриясы Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Мысалы, Францияның киномектептері біздің студенттер оқи алатын және олармен тәжірибе алатын бағдарлама әзірлеуге дайын. Ал француз кинопрокатшылары біздің кинотеатрлармен тікелей ынтымақтастық орнатуға ниет білдіреді.