Fly Arystan 2 айда Қостанайдан рейстердің жартысына жуығын тоқтатты

Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Fly Arystan әуекомпаниясы биыл қаңтар-ақпан айларында Қостанай әуежайынан рейстердің жартысына жуығын тоқтатты, деп хабарлайды "Наша газета".
Ақпан айында лоукостер Астанаға және Алматыға 16 рейсті тоқтатқан. Жоспарланған 118 рейстің 49-ы жүзеге асырылмады. Авиакомпания мұны өндірістік себептерге және ұшу қауіпсіздігіне байланысты деп түсіндірді.

"2023 жылдың басында авиакомпания Астана - Қостанай - Астана, Алматы - Қостанай - Алматы бағыттары бойынша жолаушыларға күнделікті қызмет көрсету туралы мәлімдеді. Бұған дейін расталған слоттардың ішінен биылқаңтар айында Астанаға 10 рейс, Алматыға 7 рейс тоқтатылды", - деп түсіндірді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев.

Оның айтуынша, Қостанай әуежайына сатып алған билетінің ақшасын қайтару туралы ешбір жолаушыдан өтініш түспеген, өйткені билеттер негізінен онлайн сатып алынады.
"Рейстердің тоқтатылуы әуежайдың имиджіне де, жолаушылар тасымалдау қажеттілігіне де кері әсерін тигізеді. Жолаушылар әуе тасымалы саласында сапалы қызмет ала алмайды. Рейстердің тоқтатылуы жолаушыларға сапарды жоспарлау кезінде қолайсыздықтар туғызды", - деді Нұрғалиев.
Көлік басқармасы заңға сәйкес жолаушы тасымалдау басталғанға дейін билетті тапсыруға құқылы. Төленген соманы көлік қызметін ұсынатын кез келген мекемеден қайтарып ала алады.
Авиакомпания қазіргі жағдайға әлі ресми түрде түсініктеме берген жоқ.
Fly Arystan жолаушыларына неге қонақүй ұсынбады - Air Astana жауабы