Fly Arystan жолаушыларына неге қонақүй ұсынбады - Air Astana жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневFly Arystan
Fly Arystan - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Air Astana әуекомпаниясындағылар Fly Arystan (Air Astana тобына кіреді) жолаушыларына неліктен қонақүй берілмегенін айтты. Air Astana әуе компаниясының жерде қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небоганың айтуынша, Air Astana келісімшартқа отырған қонақүйлерде бос орын болмаған. Бұл туралы ол бүгін әуе компаниясы өткізген брифингте мәлімдеді.
Небога қазіргі уақытта әуе компаниясы Алматыдағы 10-нан астам қонақ үймен келісімшарт жасағанын атап өтті.

"Әуе компанияның қона үйлердегі бөлмелерінің жалпы қоры - 1 300 орын. Қазір демалыс уақыты, туристер өте көп, барлық қонақүй бос бола бермейді.Бірақ соған қарамастан, біз бөлмелері көп тағы 3-4 қонақүйді қарастырып жатырмыз. Нәтижесінде, біз қолдана алатын бөлме саны арта түседі", - деді Александр Небога.

Air Astana вице-президенті компания белгілі бір стандарттарға сай келмейтін қонақүйлермен келісімшарт жасаспайтынын баса айтты.
Компаниядағылар атап өткендей, Air Astana компаниялар тобының жолаушылар ағыны жаздың алғашқы екі айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ке өскен.
"2022 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы еуропалық әуе компанияларының ұқыптылық көрсеткіші 75%-ті құрады, ал маусымда ол 56,8%-ке төмендеді. Air Astana ірі торапты әуежайларға рейстерді орындайтын болғандықтан, халықаралық хабтардағы кідірістер әуе компаниясының кестесіне де әсер етіп, одан кейінгі тізбектегі кешігулерді тудырды", - деп толықтырды компаниядағылар.
Қазақстанның бірнеше әуежайында ұшу-қону жолақтарын жөндеу, маусымның қызу кезеңінде әуежайлардың жабылуы және құстардың ұшаққа соғылуының көбеюі жағдайды қиындатқан.
Осы жылдың басынан "бері құстардың әуе көлігіне соғылуының 63 жағдайы тіркелсе, оның ішінде 10 оқиға ұшақтардың зақымдануына әкелген. Құстарға соғылу жағдайының өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3%-ті құрады", - деді компанияда.
Техникалық себептер, жерде қызмет көрсету, ұшақтардың кешігіп келуі және әуежайлар тарапынан болған шектеулер жазғы кезеңде рейстердің кешігуінің негізгі себептері болды. Air Astana әуе компаниясының рейстерді уақытында орындау көрсеткіші 74,3%-ті құрады.
Еске салсақ, Air Astana әуе компаниясы тобы рейс кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін соңғы бір айда төртінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын айыппұл арқалады.
Жаңалықтар
0