Оқиға

Астана тұрғыны петропавлдық полицейге жұдырық жұмсады

Енді ол қомақты айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан айырылады
Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 16 ақпан - Sputnik. Петропавлда елорда тұрғыны полицейге жұдырық жұмсады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Түнде Петропавл қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қимылдамай отырған ер адамға назар аударды.
Тәртіп сақшылары көмек керек пе екенін білуге барған. Анықталғандай, 44 жастағы Астана қаласының тұрғыны мас болған. Мас күйінде қоғамдық орында болғаны үшін әкімшілік материал жасау кезінде ер адам полицейді жұдырықпен бір ұрған.
Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті үйқамаққа алынды, деп хабарлады полиция департаменті.
Билік өкіліне қызмет міндеттерін орындау кезінде күш қолданғаны үшін заңда 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі (13,8 миллион теңге) айыппұлдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бесінші қабаттан құлаған қызды қағып алған полицейге бес бөлмелі пәтер берілді