Түркияда 77 жастағы әйел үйінді астынан тірі табылды

Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Түркияда жер сілкінісінен кейін 212 сағат өткен соң үйінді астынан 77 жастағы әйел құтқарылды, ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Anadolu.
Фатма Гюнгёр Түркияның Адыйаман провинциясында табылды.
Зардап шегушінің туыстары құтқарушыларға шын жүректен алғыс білдірді.
Бұған дейін Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетіні хабарланған болатын.
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 магнитудалы күшті жер сілкінісі болып, 35 мыңнан астам адам қаза тапты.
Қоғам
Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді