https://sputnik.kz/20230215/qazaqstan-turkiya-55-tonna-gumanitarlyq-komek-32106938.html
Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді
Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметі Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді. 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T08:36+0500
2023-02-15T08:36+0500
2023-02-15T08:36+0500
қоғам
түркия
гуманитарлық көмек
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32054874_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_03c6af53f64319b137db5c1d4ccc9932.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметі Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.Кеше, 14 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша көмек жіберуді тапсырды.Бұған дейін Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен түрік еліне 1 миллион доллар бөлген еді. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың өздері ақша жинап, көмек жіберіп отырды. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінде Түркияға гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылды. 13 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 150 тонна жүк жиналған.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32054874_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_82a78d677386586d0e73ac30fcc18a52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, гуманитарлық көмек
түркия, гуманитарлық көмек
Қазақстан Түркияға қосымша 55 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметі Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
"Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар", - делінген хабарламада.
Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі.
Кеше, 14 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша көмек жіберуді
тапсырды.Бұған дейін Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен түрік еліне 1 миллион доллар бөлген еді. Бұдан бөлек, қазақстандықтардың өздері ақша жинап, көмек жіберіп отырды. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірінде Түркияға гуманитарлық көмек қабылдау пунктері ашылды. 13 ақпандағы жағдай бойынша барлығы 150 тонна жүк жиналған.