АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз бала ұсталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми Telegram каналы.
Белгісіз біреу пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple watch сағатын ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы ұсталды.
Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының кредитін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрланған заттарды ломбардқа өткізген.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1- бөлігімен "Ұрлық" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.