Түскі асқа деген ақшасын Түркияға көмекке берген оқушыға премьер алғыс білдірді

Sputnik
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласында желіде танымал болған мектеп оқушысы марапатталды. Ол түскі астың ақшасына Түркияға гуманитарлық көмек сатып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жас баланың видеосы кеңінен тараған болатын. 5-сынып оқушысы Павел Падров түскі астың ақшасын жұмсамай, азық-түлік сатып алған. Бәрін сөмкесіне салып, Түркияға гуманитарлық көмек жинайтын жерге алып келген.
Ол жердегі адамдар оқушыны видеоға түсіріп алды.
Баланың қайрымдылығы назардан тыс қалмады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі оқушыны шақырып, премьер-министрдің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, Пашаға планшет, ал анасына гүл мен блендер сыйға тартылды.
"Сіздің ұлыңыздың бұл әрекеті шынында үлгі тұтарлық игі іс. Павел осы жас шағынан бастап жанашырлық пен қолдаудың не екенін біліп өсіп келеді. Ұлыңыздың бойына мейірімділік, жауапкершілік, парызды сезіне білу сияқты құнды қасиеттерді сіңіргеніңіз үшін ризашылық білдіремін", - делінген премьер-министрдің алғыс хатында.
Түркияда бір қаланы толығымен бұзып тастауға шешім қабылданды