https://sputnik.kz/20230215/premer-ministr-tuski-astyn-aqshasyna-turkiyaga-komek-oqushy-32168343.html
Түскі асқа деген ақшасын Түркияға көмекке берген оқушыға премьер алғыс білдірді
Түскі асқа деген ақшасын Түркияға көмекке берген оқушыға премьер алғыс білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласында желіде танымал болған мектеп оқушысы марапатталды. Ол түскі астың ақшасына Түркияға гуманитарлық көмек сатып... 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T19:36+0500
2023-02-15T19:36+0500
2023-02-15T19:36+0500
премьер-министр
оқушы
түркия
түскі ас
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522772_0:37:2000:1162_1920x0_80_0_0_dc43b0bfe3525d1a45e2a14237cf40b3.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласында желіде танымал болған мектеп оқушысы марапатталды. Ол түскі астың ақшасына Түркияға гуманитарлық көмек сатып алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін әлеуметтік желіде жас баланың видеосы кеңінен тараған болатын. 5-сынып оқушысы Павел Падров түскі астың ақшасын жұмсамай, азық-түлік сатып алған. Бәрін сөмкесіне салып, Түркияға гуманитарлық көмек жинайтын жерге алып келген.Ол жердегі адамдар оқушыны видеоға түсіріп алды. Баланың қайрымдылығы назардан тыс қалмады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі оқушыны шақырып, премьер-министрдің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, Пашаға планшет, ал анасына гүл мен блендер сыйға тартылды. "Сіздің ұлыңыздың бұл әрекеті шынында үлгі тұтарлық игі іс. Павел осы жас шағынан бастап жанашырлық пен қолдаудың не екенін біліп өсіп келеді. Ұлыңыздың бойына мейірімділік, жауапкершілік, парызды сезіне білу сияқты құнды қасиеттерді сіңіргеніңіз үшін ризашылық білдіремін", - делінген премьер-министрдің алғыс хатында.
https://sputnik.kz/20230214/turkiyada-bir-qalany-tolygymen-buzyp-tastauga-sheshim-qabyldandy-32067980.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/14/14522772_126:0:1903:1333_1920x0_80_0_0_640a02fcc1a0ce56171d1800ed4a3081.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
премьер-министр, оқушы, түркия, түскі ас
премьер-министр, оқушы, түркия, түскі ас
Түскі асқа деген ақшасын Түркияға көмекке берген оқушыға премьер алғыс білдірді
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Шымкент қаласында желіде танымал болған мектеп оқушысы марапатталды. Ол түскі астың ақшасына Түркияға гуманитарлық көмек сатып алған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жас баланың видеосы кеңінен тараған болатын. 5-сынып оқушысы Павел Падров түскі астың ақшасын жұмсамай, азық-түлік сатып алған. Бәрін сөмкесіне салып, Түркияға гуманитарлық көмек жинайтын жерге алып келген.
Ол жердегі адамдар оқушыны видеоға түсіріп алды.
Баланың қайрымдылығы назардан тыс қалмады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі оқушыны шақырып, премьер-министрдің алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, Пашаға планшет, ал анасына гүл мен блендер сыйға тартылды.
"Сіздің ұлыңыздың бұл әрекеті шынында үлгі тұтарлық игі іс. Павел осы жас шағынан бастап жанашырлық пен қолдаудың не екенін біліп өсіп келеді. Ұлыңыздың бойына мейірімділік, жауапкершілік, парызды сезіне білу сияқты құнды қасиеттерді сіңіргеніңіз үшін ризашылық білдіремін", - делінген премьер-министрдің алғыс хатында.