Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Түркияның Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмыстары барысында тағы бір қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Жанар Жақсыбекованың денесі 10 ақпанда анықталды. Алматыдан келген туыстары оны таныды.

"Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан отандасымыздың денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдемдесті. Бүгін мәйіт Талдықорған қаласына жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Марқұмды тасымалдау бойынша барлық шығын мемлекет есебінен өтеледі. Ал Pegasus түрік авиакомпаниясы қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 проценттік жеңілдік береді.
Қоғам
Бас консулдық Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттерге үндеу жасады