Бас консулдық Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттерге үндеу жасады
09:36 12.02.2023 (жаңартылды: 14:51 12.02.2023)
© Photo : falcoАрхивтегі сурет
© Photo : falco
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркияда білім алып жүрген қазақстандық студенттерге үндеу жасады.
Бас консулдық 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны өсіп бара жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғарғы оқу орындары дәрістерді онлайн форматта жүзеге асыратынын хабарлады.
Сонымен қатар, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды уақытша тұрғылықты жермен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік жатақханалар пайдаланылады.
"Түркия билігінің хабарландыруы жекеменшік пәтерде/жатақханада, жалға алған пәтерде тұратын студенттерге қатысты емес екендігіне, сондай-ақ сабақты Түркияда тұрып онлайн оқуға болатынына назар аударамыз", - делінген Бас консулдықтың мәлімдемесінде.
Студенттер тиісті көмек және консультация алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады.
Қазақстанның Анкарадағы елшілігіне қарайтын провинциялар: Анкара, Ушак, Афьон, Конья, Кютахья, Эскишехир, Биледжик, Болу, Аксарай, Невшехир, Ниде, Кыршехир, Кырккале, Чанкыры, Карабюк, Зонгулдак, Бартын, Кастамону, Чорум, Йозгат, Кайсери, Мараш, Османие, Хатай, Чорум, Синоп, Амасья, Самсун, Токат, Орду, Сивас, Малатья, Адыяман, Газиантеп, Килис, Шанлыурфа, Елазыг, Тунджели, Эрзинджан, Гиресун, Гюмюшхане, Трабзон, Байбурт, Бингөл, Диярбакыр, Мардин, Батман, Шырнак, Сиирт, Хаккари, Битлис, Ван, Муш, Агры, Эрзурум, Карс, Ыгдыр, Ризе, Артвин, Ардахан.
Байланыс нөмірлері:
консул Темірлан Сайлауұлы - +90 538 880 70 41;
үшінші хатшы Даурен Кубенов - +90 536 673 78 07;
консулдың көмекшісі Алихан Нұрсеитов - +90 552 896 07 04;
кезекші комендант - +90 312 491 91 00;
Электронды пошта: ankara@mfa.kz.
Антальядағы Бас консулдыққа қарайтын провинциялар: Анталья, Мугла, Денизли, Бурдур, Ыспарта, Караман, Мерсин.
Байланыс нөмірлері:
вице-консул Асем Байтишова - +90 553 941 42 75;
сарапшы Жандос Ранов - +90 536 489 64 11;
кезекші комендтант - +90 242 324 26 11;
Электронды пошта: antalya@mfa.kz.
Ыстанбұлдағы Бас консулдыққа қарайтын провинцялар: Ыстанбұл, Измир, Бурса, Сакарья, Текирдағ, Эдирне, Кыркларели, Коджаэли, Ялова, Дүзже, Чанаккале, Балыкесир, Маниса, Айдын.
Байланыс нөмірлері:
консул Қанат Тұрыбаев - +90 541 116 53 86;
консул Ертай Ерғалиұлы - +90 506 774 53 77;
кезекші комендант - +90 212 662 53 47;
Электронды пошта: istanbul@mfa.kz.