АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Олимпиада чемпионы және Олимпиаданың бірнеше дүркін жүлдегері, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби карьерасын ресми түрде аяқтады. Бұл туралы ол жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының жабылуында мәлімдеді.
"Өз еліме алғысым шексіз! Президент пен спорт басшыларынан бастап, ең жас жанкүйеріме дейін маған сенім артты. Менің тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде қалыптасуыма мүмкіндік берген тағдырыма және Құдайға ризашылығымды білдіремін", - деді спортшы.
Отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан премьер-министрі спортшыға алғыс хат жолдады.
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, салтанатты шара соңында Ольга Рыпакова жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.