Тасмағамбетов пен Лукашенко ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты талқылады

Sputnik
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Минскіде президент Александр Лукашенкомен кездесуінде ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларына қосу жайын талқылағанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біздің мақсатымыз – ұйымның мүмкіндіктері мен оның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігерінің сыртқы саяси маңызды тұстарын ұсыну. БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында ҰҚШҰ-ның әлеуеті жоғары бағаланды", - деді Иманғали Тасмағамбетов.
ҰҚШҰ бас хатшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Александр Лукашенконы хатшылықта (ҰҚШҰ) ұйымның ұжымдық бітімгершілік күштерін БҰҰ бітімгершілік операцияларына қосу бойынша жасалып жатқан шаралар туралы хабардар еткенін атап өтті.
Тасмағамбетовтің айтуынша, ұйым алдында тұрған міндеттер сан алуан.
Ұйымның бас хатшысы ұйымның ірі өңірлік және халықаралық ұйымдармен – БҰҰ-ның басты серіктесімен, сондай-ақ ШЫҰ, ТМД, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығын жалғастыратынын мәлімдеді.