АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 15 адам сотталды.
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі "QI Trade Kazakhstan" (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.
Олардың бас офисі Алматы қаласында орналасқан, сондай-ақ өңірлерде 12 филиал жұмыс істеген.
"AMAZON" (АҚШ) бүкіләлемдік алаңында сауда жасау деген атпен, сенімгерлік басқару негізінде азаматтар проценті түрінде одан әрі кіріс алу үшін ақша салған.
"Салымшыларға салым сомасына байланысты жылдық 96%-ке дейін пайда уәде етілген. Соның салдарынан компаниямен 6 миллиард теңгеден астам сомаға 1345 азаматқа залал келтірілген", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Азаматтарды алдау схемасын жасағандардың, сондай-ақ компанияның бас офисі және филиалдары басшыларының кінәсін прокуратура дәлелдей алды.
Нәтижесінде Бостандық аудандық сотының үкімімен 15 адам кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.