АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Астанада жиналған материалдық көмек Түркияға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан осы елдің елшілігіне сілтеме жасап.
Елшілікте киім-кешек және тағы басқа материалдық көмек жиналды. Бұған дейін бірінші партия жіберілгенболатын.
"Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік Әуе Жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғыс білдіреміз!", - делінген елшіліктің ресми хабарламасында.
Айта кетері, Түркияда зілзаладан қайтыс болған адамдардың саны 20 мыңнан асты. Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға қазақстандық құтқарушылардың екі эшелоны жіберілді. Осы уақытқа дейін олар 7 тірі адамды тапты. Қайтыс болғандардың ішінде екі Қазақстан азаматы бар. Біреуі аман қалды.