АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Астанада өткен тәулікте 181 жол апаты болды, қалалық полиция департаменті жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Астана қаласының полиция департаменті ауа райы жағдайына байланысты жол қозғалысының барлық қатысушысына барынша мұқият және сақ болу қажеттігін ескертеді. Тек соңғы тәулікте 181 материалдық шығын келтірілген жол апаты тіркелді", - деп жазылған Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 11 жаяу жүргіншіні көлік басып кеткен, барлығы дене жарақатын алған.
Биыл жол апатынан 3 адам қаза тауып, 39 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.
Елордалық полицейлер жыл басынан бері 213 мас жүргізушіні ұстады, жол ережесін бұзған 1600-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.
Жалған мемлекеттік нөмір таққан 13 жүргізуші және мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті тізгіндеген 86 жүргізуші қамауға алынды.