Қоғам

Астанада полицейлердің Range Rover көлігін қуған сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Елордалық полицейлер Range Rover мінген мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі уақытта Range Rover автокөлігінің жүргізушісі жол ережелерін өрескел бұзып, жолда апатты жағдай туғызған. Ер адам қатты жылдамдықпен бағдаршамның қызыл түсіне екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талабын елемеген.
Тәртіп бұзушы Республика даңғылындағы көлік кептелісінде ұсталды.
33 жастағы жүргізуші "жеңіл дәрежеде" мас болған. Сондай-ақ мультитестен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды.
Полиция жол ережелерін өрескел бұзғаны үшін ер адамға қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар тексеріс барысында осыдан екі жыл бұрын ол мас күйде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан жеті жылға айырылғаны белгілі болды.
Қазір құқықбұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы (Көлік басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0