АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. 10 ақпанда Өскемен қаласының бірнеше мектебінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерге тексеру жүргізіп жатыр. Қызметкерлер мен мектеп оқушылары эвакуацияланды.
"Сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады полиция департаментінің мамандары.
Айта кетері, ғимаратқа "жарылғыш зат қоюдан" Өскемен қаласы алдына жан салмай тұр. Дәл осындай ақпарат 9 ақпанда ғана болған еді. Сағат 16:10-да Өскемендегі Қазақстан 59/1 мекенжайында орналасқан ғимаратта жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Тексере келе мәлімет жалған екені анықталды.
Ал 8 қарашада Өскеменде алты бірдей мектептің оқушылары мен мұғалімдері шұғыл эвакуацияланды. Оған себеп осы жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат. Ақпарат жалған болып шыққан.