https://sputnik.kz/20230210/oskemennin-birneshe-mektebinde-zharylgysh-zat-qoyylgany-turaly-khabarlama-tusti-31976584.html
Өскеменнің бірнеше мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті
Өскеменнің бірнеше мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. 10 ақпанда Өскемен қаласының бірнеше мектебінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады облыстық полиция... 10.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-10T13:48+0500
2023-02-10T13:48+0500
2023-02-10T13:48+0500
жарылғыш зат
өскемен
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28568180_0:1:2731:1537_1920x0_80_0_0_51e34fa62f475e4ab0087269c8024d3f.jpg
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. 10 ақпанда Өскемен қаласының бірнеше мектебінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерге тексеру жүргізіп жатыр. Қызметкерлер мен мектеп оқушылары эвакуацияланды."Сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады полиция департаментінің мамандары.Айта кетері, ғимаратқа "жарылғыш зат қоюдан" Өскемен қаласы алдына жан салмай тұр. Дәл осындай ақпарат 9 ақпанда ғана болған еді. Сағат 16:10-да Өскемендегі Қазақстан 59/1 мекенжайында орналасқан ғимаратта жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Тексере келе мәлімет жалған екені анықталды.Ал 8 қарашада Өскеменде алты бірдей мектептің оқушылары мен мұғалімдері шұғыл эвакуацияланды. Оған себеп осы жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат. Ақпарат жалған болып шыққан.
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/11/28568180_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_04e3f1f3904fca5e50e0835ec8126127.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарылғыш зат, өскемен
Өскеменнің бірнеше мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. 10 ақпанда Өскемен қаласының бірнеше мектебінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта облыстың мамандандырылған қызметтері объектілерге тексеру жүргізіп жатыр. Қызметкерлер мен мектеп оқушылары эвакуацияланды.
"Сабырлық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады полиция департаментінің мамандары.
Айта кетері, ғимаратқа "жарылғыш зат қоюдан" Өскемен қаласы алдына жан салмай тұр. Дәл осындай ақпарат 9 ақпанда ғана болған еді. Сағат 16:10-да Өскемендегі Қазақстан 59/1 мекенжайында орналасқан ғимаратта жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Тексере келе мәлімет жалған екені анықталды.
Ал 8 қарашада Өскеменде алты бірдей мектептің оқушылары мен мұғалімдері шұғыл эвакуацияланды. Оған себеп осы жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат. Ақпарат жалған болып шыққан.